ШЫМКЕНТ: ОРТА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ ОҚУШЫ САНЫ КӨП МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖҮГІН АЗАЙТУ

Бұл туралы бүгін білім беру саласындағы әлеуметтік жобалар бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдиннің қатыуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды.

Бүгінгі күнде орта білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі оқушы саны көп мемлекеттік мектептердің жүгін азайту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін  мектептер арасында сындарлы бәсекелестікті дамыту. 2018 жылдан бастап жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде жекеменшік мектептер үшін норматив айқындалды,- деді орталық директоры.

Сондай-ақ, әдістемеге сәйкес жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері екі компоненттен тұрады. Олар:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) іске асыруға арналған операциялық шығыстар. Жаңадан іске қосылатын жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылға норматив орташа есеппен 532 мың теңгені құрайды.

Жылына жаңадан енгізілген әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар:

құрылыс жағдайында — 96 АЕК (294 мың теңге),

реконструкция жасалған жағдайда — 47 АЕК. (143 мың теңге).

Айта кетейік, инвестордың мектепте балаға жақсартылған жағдайларды ұсынғаны үшін ата-анадан қосымша төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін нысан құрылыс салушының меншігінде қалады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.