Шымкент: Полицейлер дүкеннен зат ұрлаған азаматшаны анықтады
2021 жылдың 5-қарашасында Еңбекші АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлғадүкенінен жасырын түрде құны 25 000 теңге тұратын әйелдер әтірін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Жеке кәсіп иелеріне бейнебақылау камералын және дабыл белгілерін, терезеге темір торларды орнатуға кеңес береді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.