Шымкент: Полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады»
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның нәтижесінде 3385 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
— Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша -481 жайт;
— Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша -169;
— Қоғамдық орында мас күйде болу немесе акогольдік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша -559;
— Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша -282;
— Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) -1005;
— Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) -321;
— Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) -12;
— Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша -443; тағы да басқа құқық бұзушылықтар.