Шымкент: Полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

2022 жылдың 25-қазанында, Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының инспекторлары және                   Түркістан облыстық балық инспекциясы бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп,  рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу болып табылады.

Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы «Айна базарындағы» балық аулау құралдарын сататын орындарға барып тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары заңмен тыйым салынған құралдарды сатудағы шектеулер туралы толығырақ айтып, заңсыз балық аулау Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын жеткізді.

«Балық аулауға тыйым салынған құралдарды пайдаланып, балық  аулау қағидаларын бұзып, заңды белшесінен басып пайда тауып жүретіндер   бар.  Осы ретте, заңсыз балық аулаған азаматтар  ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама толтырылған жағдайда, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады» — деді полиция майоры Ұлықбек Сабаев.

 Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер»  жедел-профилактикалық  іс-шарасы 20-қарашаға дейін жалғасады.

      Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.