Шымкент: Полиция қызметкерлері жоғалған баланы тауып, анасына табыстады

Үш жасар бала үйінен ойнауға шығып, адасып кетіп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Бұл туралы оның анасы сол күні сағат 13:30 шамасында Жедел басқару орталығының «102» арнасына хабарлаған.

Аталған жайт бойынша Абай АПБ қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларын ұйымдастырып, сол аумақтағы ойын алаңдары мен көшелерді біртіндеп аралады. Тәртіп сақшыларының жедел жұмыс атқаруының нәтижесінде, бір сағаттың ішінде бала сол маңдағы көрші ауладан табылды.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлерінің сапалы қызметіне риза болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.