Шымкент танкистері ерекше балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Шымкенттегі танк батальонының әскери қызметшілері мүмкіндігі шектеулі балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер сыйлады.

Жаңа жыл – бұл ерекше мереке, оны көптеген адамдар асыға күтеді. Сүйікті және көптен күткен мерекелердің бірі болғандықтан, оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Жаңа жылды күтудегі соңғы күндер әсіресе жағымды. Көптеген адамдар үшін бұл барлық тілектердің орындалуы мен, алдағы жылы жақсылыққа деген үмітпен байланысты. Даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктері шектеулі көптеген балалар мереке кезінде әр-түрлі сыйқырлы жаңалықтар мен тосын сыйларды күтеді.

Әскери қызметшілердің №15 арнайы (түзету) жалпы білім беретін мектепке жаңа жылдық сапары даму ерекшеліктері мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға мерекелік атмосфера мен ертегі көңіл-күйін сезінуге көмектесті.

Танк батальонының әскери қызметшілері атап өткендей, бұл акция балаларға жақсылық әкеліп қана қоймай, оларды рухани байытады.

— Мереке қарсаңында әр баланың өзін ерекше сезінуі және ертегіге сенуі өте маңызды. Біз үшін ең үлкен сыйлық — бақытты бала көздері және олардың қуанышқа толы шын күлкісі. Игі істер балалардың жүрегінде от жағып, жаңа жылдық сиқырдың бұл сәттері олардың жадында сақталады, — деп атап өтті танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиев.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.