Шымкент: Тергеушілер оқиға болған жерді қараудың әдіс-тәсілдерін үйренді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің тергеушілері мен жас мамандары оқиға болған жерді қараудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Дәріс Жедел- криминалистикалық басқармасының бастығы Нұрсұлтан Қансейітовтің жетекшілігімен криминалистикалық оқу полигонында жүргізілді. Криминалистикалық әдістер мен құралдарды кәсіби деңгейде меңгерген криминалист өзі қатысатын тергеу іс-әрекетерін нәтижелі анықтайды. Тергеу кезінде оқиға болған жерді мұқият тексеру өте маңызды. Оқиға болған жерді қарау кезінде алынған барлық іздер мен заттай дәлелдемелер мұқият зерттеліп, іздеу, саусақ іздері және оларға сот-медициналық зерттеулер тағайындалады.
«Криминалистерге логикалық ойлау, жақсы есте сақтау қабілеті, мұқият назар салу, ұқыптылық, шыдамдылық қасиеттері қажет. Криминалистер жүргізетін зерттеу қорытындылары айыптауды ресімдеу кезінде аса маңызды рөл атқарады. Криминалистердің жұмысы — полиция қызметіндегі “ғылымды қажет ететін” бөлігі болып табылады, олардың “погондағы ғалымдар” деген атқа ие болуы бекер емес»,- дейді Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел- криминалистикалық басқармасының бастығы Нұрсұлтан Қансейітов.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.