Шымкент: Тұран АПБ жеке құрамы парасаттылыққа тексеру жобасын талқылады
Шымкент қаласы полиция департаменті Тұран АПБ жеке құрамымен жиын өткізілді. Онда ішкі істер органдарының жұмыс ерекшеліктерін ескеріп, парасаттылық ұғымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тексеру жобасы айтылып, талқыланды. Жалпы, парасаттылыққа тексеру – мемлекеттің, ішкі істер органдары имиджінің жоғарылауы мен халықтың билікке деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.
Кездесу барысында тәртіп сақшыларына әрқайсысы халықпен тығыз байланыста болғандықтан, парасаттылық үлгісін қалыптастыру керектігі атап өтілді.
Осы ретте жиынға қатысқан жеке құрамға Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша парасаттылыққа тексерудің жеке құрамға арналған жадынамасы таратылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі