Шымкент: Жас сарбаздар өмірлерінің жаңа кезеңін бастауда

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 130-дан астам әскер қатарына шақырылғандар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасы әскери қызметшілерінің қатарын толықтырып, бастапқы әскери даярлық курсынан өтуге кірісті.

 

Жас жауынгерлер өмірлерінің жаңа кезеңін бастауда: олар командаларға, тәртіппен күнделікті өмір сүруге және жауынгерлік дайындық пәндерін үйренуде. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық даярлық, жалпы әскери Жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар басталуда. Сонымен қатар, әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканың мақсатын, жауынгерлік қасиеттерін, жалпы құрылымын игере бастады.

Күн сайын саптық алаңда әскери қызметшілер саптық дайындықтарын пысықтайды. Дайындық жеке және бөлімше құрамында жүргізіледі. Олар аяқты көтеруге және қоюға, саптық техниканы синхронды орындауға, қозғалыс кезінде теңестіруге үйретеді.

Жас толым жиындарының бастығы подполковник Ринат Калидолдин атап өткендей, әскерге шақырылушылар әскери қызметтің мәні мен мақсатын игеруі керек.

— Жас сарбаздарды әскери ұжымның өміріне жоспарлы түрде енгізу үшін сабақтар өткізудің оқу жоспарлары жасалып, бекітілді, сондай-ақ оларды әскери қызметке сәтті бейімдеу үшін іс-шаралар кешені дайындалды, — деп атап өтті бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин.

Сондай-ақ, жас әскерилермен әскери психологтар мен әскери дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың міндеті – әскергешақырылушыларды жан-жақты зерттеу және бөлімше командирлеріне әр сарбаздың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процессі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Әскерге шақырылушыларды салтанатты ант беру ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланған.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.