Шымкент: Жедел-іздестіру қызметі күні мерекесіне орай 55 полицей марапатталды
5 қазан — Қылмыстық іздестіру қызметі құрылғанына 104 жыл. Бұл сала аса жауапкершілікті және кәсібилікті талап ететін құрылым. Қылмыскерлерді дер кезінде құрықтап, түрлі қылмыстардың ашылуында да, жедел уәкілдердің рөлі маңызды әрі орасан.
Атаулы датаның құрметіне орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің кіші мәжіліс залында жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерін құттықтау рәсімі өтті.
Мерекелік іс шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қатысып, үздіктерді марапаттады.
Іс-шара барысында «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі 2 қызметкерге — полиция майоры Александр Ирсалиев пен полиция капитаны Динмухаммед Ережепке табысталды. «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі полиция майоры Нұрсұлтан Жұмабай мен полиция подполковнигі Сабыржан Сәкеновтің кеудесіне тағылды. Еңбекші АПБ Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция майоры Бабаев Нұрбергенге мерзімінен бұрын подполковник шені, Экстеримизмге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Қаратай Сейлбекке майор шені берілді.
Сонымен қатар, «Қазақстан полициясына 30 жыл» және «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен — 4, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасымен — 4, Алғыс хатымен 4 және тағы 4 қызметкерге алғыс жарияланды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Грамотасымен 3 қызметкер, «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен 7 қызметкер және 33 полицейге қатысты тәртіптік шаралар мерзімінен бұрын алынды.
Осы ретте, қоғамдағы қылмыстарды ашуда аянбай еңбек етіп, жүрген жедел уәкілдердің қызметеріне мол ізденіс пен табандылық тілейміз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі