Шымкент: Жол ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу жайты түсірілген бейнежазбаны анықтады. Аталған факті бойынша Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен келесі жұмыстар атқарылды: «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 603-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды; «Mersedes bens s400» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды; сондай-ақ, «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 603-бабының 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.