Шымкент: «Жүк көліктері» іс-шарасы барысында 1000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

  Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15-ақпанынан бастап «Жүк көліктері» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

   Мақсаты — қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

   Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 29 тәулігінде 990 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 17 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Атап айтқанда:

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Техникалық байқаудан өтпеу) – 32;

— ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі (Жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау) – 39;

— ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кету) – 1;

— ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдын жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау) – 173;

— ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) – 411;

— өзге де құқық бұзушылықтар бойынша –310.

         Қала аумағында басталған «Жүк көліктері» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15-наурызға  дейін  жалғасады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.