Шымкент: Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 334 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2020 жылдың басынан бері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 334 жүргізушіні ұстады. Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарға мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салып, автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.