Шымкент: “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы аясында кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы бастау алды. Аталған акцияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясының алғашқы күнінде қыз-келіншектермен кездесу өткізді. Еңбекші және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ақмарал Төрехан мен Қалиева Айгүл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратты.
«Акция аясында мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесе ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда»- дейді Ақмарал Төрехан.