Шымкентке Атыраудан сарбаздар келді

Отан алдындағы борышын өтеу үшін Шымкенттің механикаландырылған бригадасына Атырау облысынан 20 әскерге шақырылушы келді. Олардың барлығы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында іріктелген.

 

Әскери оркестрдің шеруімен саптық алаңда сарбаздар қатарына шақырылғандарды бөлім командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов қарсы алды. Ол болашақ сарбаздарға қызмет ететін бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толымныңәкімшілігімен таныстырды.

— Сіздерді біздің әскери бөлімге келулеріңізбен құттықтаймын. Алдағы он екі айдың ішінде командирлеріңіздің басшылығымен сіздер әскери істің білікті маманы боласыздар, ал ата-аналарыңыз сіздерді мақтан тұтады. Әскери форманы абыроймен киіңіздер және қойылған міндеттерді адал орындаңыздар, – деді әскери бөлім командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов.

Салтанатты кездесуден кейін сарбаздар казарманың орналасқан жерімен танысты, ал жас толым жиынының басшылығы жас жауынгерлерге әскери киімдерін ретке келтіруге көмектесті.

Алдағы бір айдың ішінде олар жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндері бойынша білім алады. Олармен саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық даярлық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі. Жас толымның жиыны әскери ант қабылдау рәсімімен аяқталады.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.