ШЫМКЕНТТЕ 350 ШАҚЫРЫМ КӨШЕНІҢ ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда. Қалада бүгінде 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды.

Көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Назарбеков — Бәйтереков көшелері қиылысында, Кеңжарық — Патеев көшелерінде, Бәйдібек би даңғылы, Тұран шағын ауданына бұрылыста оң жақ өткелдер құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Алаш, Бекжан базарлары маңында,  Темірлан тас жолы мен А-2 айналма жолында 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.