Шымкентте «әскери билет» алып беремін деген алаяқ ұсталды
2021 жылдың 12-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға әскерге бармай «әскери билет» алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп 80.000 теңге ақшасын өзінің есеп шотына аударып алып, алған қаржысын кері қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.