Шымкентте ауыр жүк көлігін лас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты рейд өтті

Шымкентте ауыр жүк көлігін лас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты рейд өтті
 Қаратау АПБ қызметкерлерімен «Нұрсат-3» шағынауданы аумағында Астана даңғылы бойында «HOWO» маркалы ауыр жүк көлігі көше бойын ластағаны анықталып, тоқтатылды. Жүргізушіге бұл жағдай әкімшілік құқық бұзушылық екендігі түсіндірілді.
Тәртіп сақшыларыабаттандыру қағидаларын бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы 1-бөлігі (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу,жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасады.
Осы орайда, тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.