Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шараның мақсаты автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру болып табылады.
Сондай-ақ, «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасының барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол-көлік тәртібін арттыру және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар өткізуде. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.