Шымкентте аяз ата мен ақшақар әскери бөлім аумағында әскерилерге жаңа жылдық сыйлық таратты

Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімінде аяз ата мен ақшақар әскери қызметшілерге мерекелік көңіл күй сыйлап, жаңа жылдық сыйлықтар таратты.

 

Жаңа жыл ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке.  Бұл ересектердің де, балалардың да  асыға күтетін күні. Өйткені бүкіл әлемді мерекелік көңіл күй, қуаныш пен шаттық аралайды. Мереке қарсаңында барлық балалар әдемі шырша алдында сыйлықтарды асыға күтеді. Осыған орай бөлім командирі полковник Орынбасар Жұбановтың басшылығымен қоржыны сыйлыққа толы арнайы Аяз ата мен ақшақардың бөлім аумағына келуі ұйымдастырылды.

Аяз ата мен ақшақар бөлім аумағында бетперде режимі және күшейтілген санитарлық нормаларды сақтай отырып, барлық жеке құрамның бөлімшелері мен кеңселерін аралап, сыйлықтарын таратты. Әскери қызметшілер өздерін балалық шаққа саяхатқа барып қайтқандай сезініп, аяз атаға жаңа жылдық өлең тақпақтары мен алғыстарын айтты.

«Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе–наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Сондықтан, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық деген мақсатпен өткізіліп жатқан мерекелік іс-шараның бірі», — деді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Меруерт Жұбанова.

Ия, расында ескі жыл барлығымызға оңай соққан жоқ. Ендігі үмітіміз, алдағы жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.