Шымкентте «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы қарқынды жалғасып жатыр

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» іс шарасы қолға алынған. Осыған орай, тәртіп сақшылары Шымкент қаласындағы аудан аумақтарында оқушыларды қатыстыра отырып, түрлі маңызы мол іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап өтсек, «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында жол жүру ережелерін үйрету дағдыландыру сабағы өтті.

Мәселен, Абай аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры И.Мухина №59 мектептің оқушыларына аталған тақырыптағы дәрісте жол қауіпсіздігін толығырақ түсіндірді. Сабақ барысында LED экран арқылы арнайы бейнероликтер көрсетіліп, көрнекіліктер кеңінен пайдаланылды.

Сондай-ақ, балаларға жол қозғалысы ережесін таныстырып, жол белгілерін жаттатты.

Айта өтетін ақпарат, ауқымы кең шара іс-шара ағымдағы жылдың 10-сәуіріне дейін жалғасын таппақ.

Бала қауіпсіздігі – басты орында.

 

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.