Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 4 қылмыс ашылды

2023 жылғы 2 мен 8-қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 5977 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2481 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 2, автокөлікті заңсыз айдап әкету – 1, басқа да — 1.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 755 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 104, жол ережесін бұзған – 479, одан басқа да 127 жайт анықталды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.