Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды
Ағымдағы жылдың 08-14 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6226 қоңырау келіп түсті.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылды. Олар: ұрлық-3 жайт, тонау-1 жайт, бұзақылық-2 жайт, тағы басқа да қылмыс. Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 918 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434 — бабы бойынша (қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 26 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (қоғамдық орындарда мас күйінде болу) — 32, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) — 36, жол қозғалысы ережелерін бұзу-740 және өзге де құқық бұзушылықтар.