Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды
2022 жылғы 14 мен 20-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7892 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3243-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық — 4, бұзақылық – 1, басқа да — 3.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1014 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 249, жол ережесін бұзған – 639, одан басқа да 126 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі