Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 17 қылмыс ашылды

2023 жылғы 20 мен 26-ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7314 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3327 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 8бұзақылық  – 1, қарақшылық – 1, тонау — 2, басқа да — 5.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1234 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 292, жол ережесін бұзған – 516, одан басқа да 204 жайт анықталды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.