Шымкентте бір аптада ретсіз сауда жасаған 47 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 2022 жылдың 23-ақпаны және 1-наурыз күндері аралығында аудан аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның барысында белгіленбеген орындарда сауда-саттық жүргізген 47 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) әкімшілік хаттама толтырды.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала аумағында ретсіз сауда жасаушыларға әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасының негізгі баптарын түсіндіріп, қала аумағындағы базарлар мен белгіленген орындарда ғана сауда жасау керектегін ескертті.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес белгіленбеген жерде сауда жасау-ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бірақ, сатушылар қайтадан бұл тәртіпті елемей, қайталап жатады. Бұл жағдайда айыппұл 10 айлық есептік көрсеткішке дейін артады»,-деді полицейлер.
Айта кетейік, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.