Шымкентте бір тәулікте абаттандыру ережесін бұзған 9 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.
Еңбекші АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 17-қазанында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 9 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.