Шымкентте бір тәулікте абаттандыру ережесін бұзған 27 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Еңбекші АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 25-қазанында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 27 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.