Шымкентте бірге пәтерде тұратын танысының ноутбугын ұрлаған азаматша ұсталды

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, бірге тұрып жатқан танысы пәтерден өзіне тиесілі «Асус» маркалы ноутбугын жасырын түрде қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 450 000 теңгені құраған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай АПБ-ның Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері ұрлық жасаған азаматшаны қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Айғақты зат ретінде алынған ноутбук заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда азаматшаға қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.