ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 153 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жобаға 412 млн. теңгенің қолдауы көрсетілді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Бағдарламада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін  дамыту мақсатында 1  пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру,  өндіріске бағытталған 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттен шағын кәсіпорындардың өнеркәсіптік парктердегі үш жылдық жалдау ақысының шығындарын  25-75% дейін  өтеу тетігі де қамтылған.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық  кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.