Шымкентте қайтарымсыз несие алып беремін деп, тұрғынның 120 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша анықталды
Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы алып беремін деп, 120 000 теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары, ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілудет. Қазіргі кезде аталған азаматшаға қатысты міндеттеме түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылған.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және барлық құжаттарды заң жүзінде жинауға кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.