Шымкентте мас халде көлік басқарған жүргізушілер жауапқа тартылды
Көлік құралын мас күйінде жүргізгуге тыйым салынады және бұл іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Осылайша, демалыс күндері ағымдағы жылдың 23-24 сәуір аралығында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырған екі жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. «Nissan» және «Lada» маркалы автокөліктің жүргізушілері спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған. Осыған байланысты медициналық сараптама тағайындалып, мас халде екені расталған.
«Ішімдік ішіп алып көлік тізгініне отырған адам өзіне ғана емес өзгеге де қауіпті. Сондықтан көлік құралын мас күйінде жүргізгуге тыйым салынады. Әрбір азаматқа автокөлікке отырғанда жауапкершілікті жіті сезініп, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаса дейміз. Автокөлікті мас халде жүргізудің соңы жазатайым оқиға мен адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн», — дейді Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі