Шымкентте мемлекет бағдарламасы арқылы пәтер алып бермекші болған алаяқ ұсталды
2021 жылдың 9-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда, өзінің «Х» есімді танысы мемлекет бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 240.000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін берген қаржысын кері қайтармай қашып жүргенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.