Шымкентте мемлекеттік тіркеу белгісіз мотокөлік басқарған жүргізуші анықталды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында, қалада рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізушіні анықтады.
Полиция қызметкерлері күдік тудырған мотоциклді тоқтатып, мемлекеттік тіркеу белгісіз және көлік басқару құқығынсыз басқарғаны белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу және қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқару сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.