ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛУДЕ
Шымкент қаласында осы жылдың басынан коронавирус жұқтырған 1253 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны 161. Өкінішке орай, 7 науқас қайтыс болған. Бүгінге 1085 науқас емделіп жатыр, оның ішінде стационарда 179 науқас, 906 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Бұл жөнінде әкімнің төрағалығымен онлайн режимде өткен жиында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов мәлімдеді.
Инфекциялық стационарлардың дайындығын баяндаған басқарма басшысы эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін, ал эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылатынын жеткізді. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 44 пайызды құрайды.
Тұрғындардың екпе алу жағдайына тоғталған ол бүгінгі күні тиісті контингенттің (596205 адам) 1-ші компонентпен 99,5%, 2 компонентпен 97% вакцинацияланғанын атап өтті.
2021 жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдердің «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен вакцинациялау басталды. Бұл вакцинацияның бірінші компонентімен 18 816 адам, екінші компонентімен 8 864 адам егілген. Ал, вакцинаның үшінші дозасымен бүгінге 41 773 адам ревакцинацияланды.
Қала әкімі жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаланың бас дәрігеріне коронавирус инфекциясының алдын алу, емдеу шараларын тиімді ұйымдастыруды және жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен бірге, тұрғындар арасында санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын күшейтуді айтты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспассөз қызметі