Шымкентте рейд жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталуда

Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында түнгі сағат 23:17-те Шымкент қаласы, Х.Дулати көшесі 78 а үйде орналасқан «Теріскей» мейрамханасы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды. «Теріскей» караоке клубына қонақтарды қабылдап (20-30 адам) сонымен қатар клуб қызметкерлері бір реттік бетпердені тақпағандары белгілі болды.
Рейдтік шаралар қала аумағында күшейтілген режимде жүруде.
Караоке клуб әкімшілігінен түсініктеме алынды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.