Шымкентте Ресейден автокөлік әкеліп беремін деп, тұрғынның 2.000.000 теңгесін иемденіп кеткен азамат анықталды
Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға Ресей Федерациясынан автокөлік әкеліп беремін деп, 2.000.000 теңгесін қолма-қол иемденіп кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексерілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.