Шымкентте тәртіп сақшылары Nexia көлігінің жүргізушісінен қаруға ұқсас зат тәркіледі
Ағымдағы жылдың 8-қарашасы сағат 06.30 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан тас жолы бойында күмән тудырған «Нексия» маркалы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті қарау кезінде жүргізушіден суық қару тәркіленді.
Ер адам қаруды жеке қорғаныс үшін алып жүргенін мойындады. Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары «102» арнасына хабарлама береді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған қару сараптамаға жіберілді.
Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Аталған азаматтың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.