Шымкентте ұялы телефон ұрлап кеткен кезекті азамат анықталды
2021 жылдың 17—желтоқсанында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда өзінің үйіне белгісіз тұлға жұбайымен сөйлесемін деп кіріп, «Samsung Galaxy» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматтақа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін бейтаныс азаматтарды үйге кіргізген кезде мұқият болуға, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.