Шымкентте ұялы телефон ұрлығы ізі суымай ашылды

2021 жылдың 30-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз азамат, сөмкесінде тұрған құны 200.000 теңге тұратын «Айфон 7» маркалы ұялы телефонын қоғамдық көлік ішінде ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №22 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.