Шымкентте заңсыз балық аулау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 9-сәуір — 31-мамыр аралығында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты — заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, сондай-ақ балық өнімдерін анықтау жəне жолын кесуге бағытталған. Шымкент ҚПД ЖПҚБ Табиғатты қорғау тобының қызметкерлерімен «Қырғы базар» аумағында рейдтік іс-шара өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Заңсыз балық аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама толтырылған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Тәртіп сақшылар заңсыз балық аулау жайтын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.