Шымкентте жастар арасындағы дүйсенбілік футболдан жарыс өтті

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірге қала жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» жобасы аясында кіші футболдан жарыс өткізілді.

Іс-шара «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында нашақорлықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа 6 команда қатысты. Оның ішінде бірінші орынды «Жайық» командасы, екінші орынды «Берік», ал үшінші орынға «Ардагерлер» командасы ие болды.

Ойын соңында жеңімпаз командалар жастар орталығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

«Нашақорлық – ол қылмыс. Заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Біздң басты мақсатымыз – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан есірткімен күресу », — деді деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.