Шымкентте жер телім құжаттарын рәсімдеп беремін деп, қаржы жымқырған алаяқ ұсталды
2021 жылдың 13-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, қала орталықтарынан жер телімдерін мемлекет тарапынан алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, жалпы көлемі 5.318.400 теңге ақшасын алып, берген уәдесін орындамай қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады.
Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.