Шымкентте жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған азамат жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында күнделікті жұмыс атқаруда.

Полиция қызметкерлері күмән тудырған автокөлікті тоқтатып, көлік басқару құқығынсыз жүргені белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа жеткізіліп, қойылды.

Сондай-ақ, көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.