ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОХҚО-ЛАР ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ
12 қаңтардан бастап Шымкент қаласының автоХҚО-лары штаттық режимде жұмыс істей бастады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. АвтоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.
Автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын да еске саламыз. Сондай-ақ, азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі