ШЫМКЕНТТЕГІ «СК-ФАРМАЦИЯ» ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қамтылған Жұмысшы топ «СК-Фармация» қоймасына арнайы барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың болуына мониторинг жүргізді.
Шымкент қаласында Бірыңғай дистрибьютор арқылы 50 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдардың атына дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды жөнелту хабтан (тарату қоймасынан) Шымкент қаласынан жүзеге асырылады.


Хаб жеткізушілерден дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлкен көлемін алуға және Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы үшін 2 айдан 6 айға дейінгі көлемде тауарды сақтауға арналған.
СК-ФАРМАЦИЯ өкілдерінің айтуынша, 2021 жылға медициналық ұйымдардан 1,01 млрд.теңге сомасына түпкілікті өтінімдер жиналды және жеткізу шарттарын жасау рәсімдері жүргізілуде. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың атына 2021 жылы 42,13 млн.теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мерзімінен бұрын (транзитпен) тиеді.
Бірыңғай дистрибьютор Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының ірі хабтарында жақын орналасқан өңірлерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың 44 атауы бойынша екі айлық азаймайтын қор қалыптастырған. Қазіргі таңда Шымкент қаласында сақталатын короновирустан емдеу үшін дәрілік заттардың 40 атауынан екі айлық қор қалыптастырылған.
Қаладағы қойманың жағдайымен танысқан Талғар Серікбаев сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің медициналық ұйымдарға жеткізілу барысында кедергілердің болмау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, кез-келген азамат дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының жоғарылауына және жетіспеушілігіне қатысты шағымдары мен ұсыныстарын 8 775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне фото және бейне материалдармен жолдай алады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.