Шымкенттік полицейлер 4 жасар баланы тауып, анасына табыстады
2021 жылдың 31-мамырында сағат 21:00-де Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында Шымкент қаласы, Рысқұлбеков пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында 4 жасар баласының адасып кеткенін жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, бүлдіршін көрші ауладан табылып, анасына дін-аман табысталды.
Өз кезегінде, жоғалған баланың анасы Шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындарына балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.