Шымкенттік полицейлер «Абайлаңыз — балалар!» іс-шарасы аясында оқушыларға жол ережесін үйретуде
2021 жылдың 1-9-қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында Полиция департамент тарапынан «Абайлаңыз, балалар» тәртіптік іс-шарасы басталды. Оның басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.
Осыған орай, Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Қозыкеев Жандар Таласұлы «Абайлаңыз — балалар!» құқықтық іс-шарасының негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлері тарапынан жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, сондай-ақ жасөсіпірімдерге жол жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншінің бағдаршамның тек жасыл түсіне өту, жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы айтылды.