Шымкенттік полицейлер абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданды

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен өткен іс-шара барысында Ақназархан көшесі бойына қала тұрғыны автокөлік доңғалақтарын шығарып қойғаны анықталды.

Аталған азаматқа абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.