Шымкенттік полицейлер алаяқ азаматты ұстады
2021 жылдың 26-мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға мемлекеттен 120.000.000 теңге агросубцидия алып беремін деп, сеніміне кіріп, 7 204 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, осы уақытқа дейін қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.